Түркиядағы жер сілкінісінен волейбол жұбы қайтыс болды

Түркиядағы жер сілкінісінен волейбол жұбы қайтыс болды
Басқа

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі voleybolaktuel.com сайтына сілтеме жасап. 

Бетюль Чобан Чакыр Газиантептің "Меринос" волейбол клубында көп жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның жұбайының да волейболға қатысы бар болғанымен, ол кәсіби ойыншы емес. 

Қазіргі таңда Түркиядағы зілсала салдарынан 3 549 адам қаза тауып, 22 168 адам жарақат алған.