"Каспий" ойыншысы маусым соңына дейін дисквалификация алды

Басқа

Қазақстан футзал федерациясының бақылау және тәртіптік комитеті ақтаулық "Каспий" ойыншысы Данияр Сембайды маусым соңына дейін футзалдан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ол Қазақстан чемпионаты 24-тур ойындары аясында "Астанамен" кездескен ақтаулық клубтың ойыншысы матч біткен бойда қарсыласын бетінен ұрған. Содан соң спортшыға маусым соңына дейін дисквалификация беру туралы шешім қабылданды.