Ресейлік Олимпиада чемпионының саусақтарына ампутация жасалуы мүмкін

Ресейлік Олимпиада чемпионының саусақтарына ампутация жасалуы мүмкін
Қысқы спорт

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, жан сақтау бөлімінде жатқан ресейлік Роман Костомаровтың жағдайына қатысты жаңа ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Оның беті бері қарай бастаса да, енді қолы мен аяғының саусақтары жансыздана бастаған. 

"Роман есін жиды, әзірге сөйлемейді, алайда айналасындағы жағдайдың бәрін түсінеді. Күн сайы әйелі Оксана Домнина жанына келіп, ол дәрігерлермен бірге жан сақтау бөліміне кіреді. Жағдайы бірқалыпты. Алайда бірнеше уақыт бұрын Костомаровтың саусақтары жансыздана бастады.Қолының саусақтарына ампутация жасалуы мүмкін, дәрігерлер аяғын сақтап қалуға тырысады. Бірақ оның сәтті өтуінің ықтималдығы аз. Қазіргі таңда мәнерлеп сырғанаушының организмі хирургиялық операция жасауға дайын емес, сондықтан дәрігерлер оның анализдерін бақылап, оңтайлы сәтті күтіп отыр. Болашақта Роман Костомаров ем мен оңалту процеудураларын қабылдау үшін Германияға кетуі мүмкін, қазір шетелдік емханалармен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп жазған "StarHit" сайты аурухандағы ақпарат берушінің сөзін.

Айта кетелік, Роман Костомаров 10 қаңтар күні түнде пневмониямен ауруханаға жатқызылған болатын.