Испания құрамасы Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды
fifa.com
Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
АҚШ-тың Даллас стадионында өткен тартысты кездесуде «қызыл фурия» қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.Ойынның 22-минутында Ламин Ямальға қарсы жасалған фолдан кейін Микель Оярсабаль пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Ал екінші таймның 58-минутында Дани Ольмоның пасынан кейін Педро Порро есепті еселеді.
Франция құрамасы мен оның көшбасшысы Килиан Мбаппе Испанияның мығым қорғанысын бұза алмай, жарысты тоқтатты. Осылайша, испандар араға 16 жыл салып, өз тарихында екінші рет мундиалдың финалына шықты.
Олар 20 шілде күні өтетін бас матчта Аргентина немесе Англия құрамасымен кездеседі.