Бір ғана кумирім бар, бірақ әйелдер арасынан емес - Елена Рыбакина
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бала кезінде теннис әлемінен кімді пір тұтып өскенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Мария Шараповаға, әлде өзгелерге қарап өстім бе? Жасөспірім кезімде пір тұтар теннисшім болған жоқ дер едім. Менің теннис қарауға көп уақытым болмады. Теннис әлемінде бір ғана кумирім болған және бар, ол - Роджер Федерер. Әйелдер арасында көптеген теннисшілердің ойыны ұнайды. Бірақ үлгі алып, еліктеген спортшым болған емес”, - деді Елена Рыбакина жартылай финал матчынан кейін болған баспасөз конференциясында.
Еске салайық, ертең, 27 қаңтарда Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының финалында өнер көрсетіп, Арина Соболенкомен сынға түседі.