Қазақстан үстел теннисінен халықаралық жарыста үшінші орын алды
Теннис
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшада өткен халықаралық турнирде үздік үштіктің қатарынан көрінді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
WTT Feeder Gdansk жарысының барысында Ақашева Израиль теннисшісі Элинора Давыдованы, Польша спортшысы Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңді.
Алайда жартылай финалда Жапония спортшысы Хитоми Сатодан жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.