АО: Елена Рыбакина көш басын бермей тұр

АО: Елена Рыбакина көш басын бермей тұр
Теннис

Теннистен Аустралия ашық чемпионаты финалына шыққан Елена Рыбакина эйс жасаудан қарсыластарына дес бермей келеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші оакеькасы турнир басталғаннан бері 44 эйс жасаған. Ал кеше Виктория Азаренкоға қарсы болған жартылай финалдық матчта 9 эйс жасаған. 

Бұл көрсеткіште екінші орында чехиялық Каролина Плишкова, үшінші орында 1/2 финалда жарыс жолын аяқтаған Азаренко тұр. 

Ертең, 28 қаңтарда өтетін финалда Елена Рыбакина бұл көрсеткішін тағы ұлғайтуы мүмкін.