Арина Соболенко финалда Азаренкомен кездескісі келетінін ашық айтты

Арина Соболенко финалда Азаренкомен кездескісі келетінін ашық айтты
Теннис

Белоруссиялық теннисші Арина Соболенко Australia Open турнирінің финалында өзінің отандасы Виктория Азаренкомен ойнағысы келетінін айтты, деп жазады Bassport.kz. 

Арина мұны тарихи оқиға деп есептейтінін және Австралия ашық біріншілігінің финалына шығу үшін барын салатынын жеткізді.

Жартылай финалда Соболенко польшалық Магда Линеттпен, Азаренко қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.

"Осылай болғанын қатты қалаймын. Вика екеуміз финалға шығу үшін барымызды саламыз. Иә, бұл тариз. Адам сенгісіз... Әрине, сезіну қиын бірақ дәл осылай болады", - деді Арина.

Теннистен Австралияның ашық чемпионаты 29 қаңтарда мәресіне жетеді.