Теннис аңызы Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіне баға берді

Теннис аңызы Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіне баға берді
Теннис

Теннистен “Үлкен дулыға” жарыстарының жеті дүркін жеңімпазы, әйгілі швециялық теннисші Матс Виландер Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның әлем үздіктері қатарына қосылу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Уимблдон финалында тамаша өнер көрсетті. Ол кезде назардың бәрі Онс Жаберде болды, Елена Рыбакина оны ұтымды пайдалана білді. Сол шақта жеңісін тойлағаны қатты ұнады, ұстамдылығына тәнтімін. Әрине, рейтингілік ұпайлар берілген жоқ. Алайда күндердің бір күнінде ол үздік ондықта, бестікте болады, тіпті әлемнің екінші немесе бірінші ракеткасы атанады. Себебі оның ойыны мықты, соққылары жойқын”, - деді Матс Виландер деп жазады eurosport.co.uk.

Еске салайық, Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өтті. Ертең ол Виктория Азаренкомен (Беларусь) финалдық матч жолдамасын сарапқа салады.