24 жыл комада жатқан испаниялық велошабандоз өмірден өтті
Испаниялық велошабандоз Рауль Гарсия Альварес 42 жасында өмірден өтті. Ол өмірінің соңғы 24 жылын комада өткізген болатын, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “El Norte De Castilla” басылымына сілтеме жасап.
Рауль Гарсия Альварес 17 жасында кәсіби “Venta Magullo-B Melero” велокомандасымен келісімшартқа отырады. Рауль Мадридке жақын маңдағы таулы аймақтардың бірінде командамен жаттығып жүргенде, апатқа ұшыраған. Жолда 80,5 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан бозбала жолдың шетіне шығып, бес метрлік жағалаудан құлаған. Альварес ауыр бас сүйек-ми, кеуде және аяқ жарақатын алған. Ол Мадридтегі ауруханаға тікұшақпен жеткізіліп, төрт сағаттық отаны бастан кешіріп, содан соң терең комаға түсіп кеткен.
Альварес бір жыл ауруханада жатқан, одан кейін отбасы күтім жасаған.
“Біз соңына дейін онымен бірге болдық, өте қиын. Дәрігерлердің өзі осынша жыл өмір сүреді деп ойлаған жоқ. Оның 42 жасында өмірден өтуіне анамның күтімі себеп болды деп ойлаймын, өйткені ол тәулігіне 24 сағат бойы оның жанында болды”, - деп айтты Альварестің бауыры.