"Барыстың" 19 жастағы шабуылшысы ҚХЛ-дағы мерейтойлық матчын өткізді

Хоккей

"Тракторға" қарсы болған кешегі матчта Дінмұхамед Қайыржан Құрлықтық хоккей лигасындағы елуінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Барыс" БЖСМ түлегі 2021 жылдың 6 қазанында «Авангардқа» қарсы болған ойында негізгі команда сапындағы дебюттік матчын өткізді. Сол сәттен бері шабуылшы 3 шайба соғып, әріптестеріне 1 нәтижелі пас беріп, қарсыластарына 19 күштік әдіс қолданып, 9 соққыға тоқсауыл болған.

Еске салайық, "Барыс" челябілік команданы 2:3 есебімен овертаймда жеңген болатын.