Роналдудың дублі "ПСЖ-ны" жеңуге көмектесе алмады
“ПСЖ” мен Сауд Арабиясының жетекші “Әл-Наср” және “Әл-Хилал” клубтары үздік ойыншыларынан құралған Эр-Рияд құрама командасы арасында өткнг матчта франциялық клуб жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
4:5 есебімен франциялық команданың пайдасына шешілген ойын әлемнің екі үздік ойыншысы Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бір-біріне қарсы ойнаған тарихтағы соңғы матчтардың бірі болуы мүмкін.
Голдар:
”Эр-Рияд” құрамасы - “ПСЖ” - 4:5
3’ - 0:1 - Месси (Неймар)
34’ - 1:1 - Роналду П
43’ - 1:2 - Маркиньос (Мбаппе)
45+6’ - 2:2 - Роналду
53’ - 2:3 - Рамос (Мбаппе)
56’ - 3:3 - Чан Хюн Су (Мартинес)
60’ - 3:4 - Мбаппе П
78’ - 3:5 - Экитике
90+4’ - 4:5 - Талиска
Айта кетейік, бұл матчта Мбаппе, Неймар, Месси мен Роналду тек 62-минут ойнады, одан кейін олао өзге ойыншыларға алмастырылды.