"Қызыл-Жардан" бірден он ойыншы кетті

Футбол

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы маусымаралық кезеңінде петропавлдық "Қызыл-Жардан" бірден он ойыншы кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Олар: команда қақпашысы әрі капитаны Мирослав Лобанцев, қорғаушылар Дмитрий Шмидт, Валерий Каршакевич пен Олег Мурачев, жартылай қорғаушылар Павел Яковлев, Жиан Мартинс, Сергей Тихоновский, Евгений Козлов, Пабло Подио мен шабуылшы Дарко Зорич. 

Бұл қатардан Жиан Мартинс Израильдің Кирьят-Шмон қаласының намысын қорғайтын "Ирони" клубымен келісімшартқа қол қойып үлгерді. Ал Дарко Зорич жаңа маусымда черногориялық "Дечич" командасының намысын қорғайды.

Петропавлдық клуб 2022 жылғы маусымды оныншы орынмен аяқтағанын еске сала кетейік.