"Әл-Хилал" басшысы Мессидің трансферіне қатысты пікір білдірді

Футбол

Саудиялық “Әл-Хилал” клубының бас директоры Фахед Әл-Мофаридж аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командамен келісімшартқа отыруы мүмкін деген сыбыстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Бұл Криштиану Роналдудың “Әл-Насрмен” келісімшартқа қол қойғаны секілді, ол тек клуб пен ойыншыға байланысты емес. Барлық саудиялық клубтар спорт министрінің айтқан сөзінен кейін, үлкен жаңашылдықтарға дайындалып жатыр”, - деді клуб директоры деп жазады журналист Эслам Магди өзінің “Twitter” парақшасында. 

Бұағо дейін “Әл-Хилал” Мессиге 280 млн еуро көлеміндегі келісіишарт ұсынуы мүмкін деп хабарланған болатын. Франциялық клубтың аргентиналық шабуылшымен жасасқан келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады, қазір команда ойыншымен келіссөз жүргіп жатыр. Егер Месси “Әл-Хилал” сапын толықтырар болса, келісімнің көп бөлігін мемлекет өзі өтемек.