Алькарас Australian Open-нен кейін әлемнің бірінші ракеткасы атағынан айырылуы мүмкін

Алькарас Australian Open-нен кейін әлемнің бірінші ракеткасы атағынан айырылуы мүмкін
Теннис

16-29 қаңтар күндері теннистен маусымның алғашқы "Үлкен дулыға" жарысы - Austrаlian Open бәйгесі өтеді. Қазіргі таңда спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Осы теннис додасынан кейін Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы атағынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

15 жастағы теннисшімен кездесуде жарақат алған испаниялық Карлос Алькарас 2023 жылғы Аустралияның ашық чемпионатынан тыс қалып отыр. Сол себептен осы бәсекеден кейін 19 жастағы теннисшінің орнын басқа спортшы басуы мүмкін. Оған үш теннис шеберінің мүмкіндігі бар. 

Сербиялық Новак Джокович пен грекиялық Стефанос Циципас  Austrаlian Open чемпионы атанса, әлемдік рейтингте көш басына шығады. Каспер Рууд турнир жеңімпазы атанса немесе финалда Джокович пен Циципастан өзге спортшыдан ұтылса, Карлос Алькарастың орнын баспақ. 

Басқа жағдайлардың бәрінде Карлос Алькарас әлемдік рейтингтегі өзінің көшбасшылығын сақтап қалады.