Әлемнің бірінші ракеткасы 15 жастағы теннисшімен кездесіп, жарақат алды
Әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас жарақаттан көз ашар емес. 15 жастағы жас теннисшімен Аустралияның ашық чемпионатына дайындық жүргізу барысында жарақат алуына байланысты Карлос Алькарас маусымның алғашқы "Үлкен дулыға" турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Relevо" басылымына сілтеме жасап.
Ол Аликантедегі теннис академиясында өткен жылдың соңына қарай алған іш бұлшықетінің жарақатынан толық айығу мақсатында 15 жастағы Дарвин Бланшпен кездескен. Матч аяқталар тұста америкалық жас теннисшінің қысқартылған соққысына жауап беруге ұмтылған Алькарас кортқа құлап, енді аяғынан жарақат алған.
Алғашында ол бапкерлеріне матчты соңына дейін жалғастыра алатынын айтқан, десе де арада біраз минут өткен соң, Алькараса ойында уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болған. осылайша, ол биылғы Australian Open турниріне қатыса алмайды.
Өткен жылы ол Парижде өткен "Masters" турнирінің ширек финалында даниялық Хольгер Рунеге қарсы өткізген матчында іш бұлшықетінің жарақат алып, АТР қорытынды турнирі мен Дэвис кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмаған.
Еске салайық, 2023 жылғы Аустралияның ашық чемпионаты 16-29 қаңтар күндері өтеді.