Қазақстандық танымал футбол бапкері қызметінен кетті

Қазақстандық танымал футбол бапкері қызметінен кетті
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Клубтың ресми мәлімдемесіне сәйкес, 49 жастағы маман отставкаға кету туралы өтініш берген. «Қайрат» басшылығы оның шешімін қабылдаған. Рафаэль Уразбахтин алматылық команданың тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде қолға алған болатын. Ол алғашқы маусымында-ақ «Қайратты» Қазақстан чемпионы атандырды. 2025 жылы оның жетекшілігімен алматылық клуб Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионы атағын қорғады. Сондай-ақ команда өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне шығып, Қазақстан Премьер-лигасында күміс жүлдеге ие болды. Команданың бас бапкері міндетін уақытша Жора Арутюнян атқаратын болды. Ол бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған. Жаңа бапкердің жетекшілігімен алматылықтар «Алтайға» қарсы алдағы ойынға дайындалады.