Таеквондо: Қазақстан ерлер құрамасы командалық әлем кубогының алғашқы күні күміс алды

Таеквондо: Қазақстан ерлер құрамасы командалық әлем кубогының алғашқы күні күміс алды
Жекпе-жек

olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандық даянг шеберлері тартысты өткен финалдық белдесуде Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.

Ел намысын қорғаған ұжым сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов барын салды.

Айта кеткен жөн, халықаралық дода 2026 жылдың 16 шілдесіне дейін жалғасады.