Алекс Грант покер авторы атанғаннан кейінгі әсерімен бөлісті

Алекс Грант покер авторы атанғаннан кейінгі әсерімен бөлісті
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында Владивостокта өткен "Барыс" пен "Адмирал" (5:1) арасындағы кездесуде астаналық клубтың қорғаушысы Алекс Грант покер жасап, бір матчта төрт шайба соққан Лигадаға алғашқы қорғаныс ойыншысы атанды. Лигадағы бірегей рекордтың иесі атанған хоккейші өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"15 жылда Құрлықтық хоккей лигасында біраз хоккейші өнер көрсетті, әйтсе де бір матчта төрт шайба соққа алғашқы қорғаушы атану - керемет сезім. Бір нәрсені алғашқылардың бірі болып жасау әрдайым жақсы әсер сыйлайды, балаларым қатты қуанатын болды. Осындай иесі рекордтың иесі атанғаныма және матчта жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымын және нәтижемен мақтанамын", - деді Алекс Грант.

Еске салайық, Алекс Грант бір матчта төрт гол соға алған "Барыстың екінші хоккейшісі атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге канадалық шабуылшы Найджел Доус қол жеткізген болатын.