Португалиядағы Гран-При кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
27-29 қаңтар күндері Португалияның Алмада қаласында дзюдодан кезекті Гран-При кезеңі өтеді. Португалия татамиінде ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл турнирде Қазақстан намысын 22 дзюдошы қорғайды.
Қазақстан ерлер құрамасы: Жансай Смағұлов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ерасыл Жанатаев (90 келі), Бекзат Шағатаев (100 келі), Бекарыс Сәдуақас (100 келі), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі).
Қазақстан әйелдер құрамасы: Ғалия Тынбаева (48 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Айгерім Әбілқадырова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Исмигүл Куюлова (63 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Анастасия Морозова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Назерке Тілеуханова (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Ақерке Рамазанова (+78 келі).