Роман Савченко еуропалық клубпен келісімшартқа қол қойды
Желтоқсан айында екіжақты келісім негізінде “Номадпен” келісімшартын бұзған Роман Савченко румыниялық “Чиксереда” клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Роман Савченко кәсіби мансабының көп бөлігін “Барыс” құрамында өткізді. Құрлықтық хоккей лигасында астаналық клубтан өзге, “Локомотив” (Ярославль) және “Сибирь” (Новосібір) командаларында өнер көрсетті. Биылғы маусымды “Номад” құрамында бастаған қазақстандық қорғаушы 26 кездесуде 9 (3+6) ұпай еншілеген.
“Чиксереда” хоккей клубы Румыния мен Венгрия командалары ойнайтын Эрсте Лигада өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы экс-қорғаушысының жаңа клубы турнирлік кестеде 37 ұпаймен 6-орында келеді.
Бұған дейін Роман Савченко маусымды Румынияда жалғастыруы мүмкін деп хабарлаған болатынбыз.