Ильфат Абдуллин Азия кубогы кезеңінде үздік шықты

Ильфат Абдуллин Азия кубогы кезеңінде үздік шықты
Басқа

Садақ атудан Шарджадағы (БАӘ) Азия кубогының 3-кезеңінде Ильфат Абдуллин ерлер арасындағы жекелей сынды топ жарды, Қазақстан ерлер құрамасы жарыстың қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшы садақ атудың классикалық түрінен финалда бангладештік Хәкім Ахмет Рубельді 6:4 есебімен жеңіп, Азия кубогы кезеңі чемпионы атанды. Ал командалық сында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Санжар Мұсаев үштігі қоал медаль үшін болған таласта Бангладештен 6:2 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медаль олжалаған. Азия кубогының 3-кезеңінде қазақстандық мергендер бір алтын, бір күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте төртінші орынға табан тіреді.