Құрбан Бердыев ресейлік клубтың тізгінін ұстады

Футбол
Алматылық "Қайрат" футбол клубының экс бас бапкері Құрбан Бердыев Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін "Сочи" футбол клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Құрбан Бердыев - "Сочи" футбол клубының жаңа бас бапкері. Тәжірибелі маман жаңа жылдан бастап қызметіне кіріседі", - деп жазылған "Сочи" ФК баспасөз қызметінің ресми ақпаратында.
Бұл 70 жастағы маманның Ресей Премьер-лигасында жаттықтыратын үшінші командасы болмақ. Бұған дейін Құрбан Бердыев қазандық "Рубин" мен "Ростов" (Ростов-на-Дону) футбол клубтарын жаттықтырып, біреуімен Ресей чемпионы, екіншісімен біріншіліктің күміс жүлдесі иегері атанды.
Еске салайық, 2021-2022 жылдар маусымында бапкер "Қайрат" футбол клубын жаттықтырды.