Бесінші бетпе-бет кездесу: “Барыс” “Автомобилистке” қарсы ойнайды

Бесінші бетпе-бет кездесу: “Барыс” “Автомобилистке” қарсы ойнайды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық “Барыс” 2022

жылғы өз айдынындағы матчтар сериясын “Автомбилистпен” қорытындылайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл - командалардың осы маусымдағы бесінші бетпе-бет кездесуі. Соңғы рет екі команда желтоқсан айының басында кездесіп, жеңіс екатеринбургтік ұжымның еншісінде қалған. 

“Автомобилист” - Шығыс конференциясының осы маусымдағы айқын көшбасшысы. Ал “Барыс” болса, плей-офф “сегіздігіне” сенімді ене алмай жүр. “Амурдан” 1 ұпайға кем жинаған астаналық команда 9-орынға жайғасқан.

Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады, оның іткелей көрсетілімін BasSport.kz сайтының “Трансляциялар” бөлімінен көруге болады.