Яссин Буну үздік қақпашы номинациясына үміткер

Яссин Буну үздік қақпашы номинациясына үміткер
Футбол

Марокко құрамасының қақпашысы Яссин Буну «FIFA THE BEST AWARDS» жүлдесінің үздік қақпашы номинациясына үміткерлер тізіміне енді, деп bassport.kz тілшісі хабарлайды. 

Сонымен қатар, үздік қақпашы атану үшін үміткерлер тізімінде: Тибо Куртуа (Бельгия), Алиссон (Бразилия) Эмилиано Мартинес (Аргентина), Мануэль Нойер (Германия), Майк Меньян (Франция) және Доминик Ливакович (Хорватия) бар.

Айта кетейік, ФИФА үздіктерді 2023 жылдың 27 ақпанында марапаттайды. 2022 жылы бұл жүлдені Сенегал құрамасының қақпашысы Эдуард Менди алған болатын.