Олег пен Евгений Болякиндер "Бейбарыстан" кетті

Олег пен Евгений Болякиндер
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін атыраулық "Бейбарыс" командасының бас бапкерінің көмекшісі Олег Болякин қызметінен кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Келісімшарт екі жақты келісім негізінде бұзылған. Олег Болякин 2015-2018 жылдары атыраулық командада жұмыс істеген, араға үш салып, яғни 2021 жылы "Бейбарыс" бас бапкері Артем Аргоковтың жаттықтырушылар құрамына кірген болатын. 

Атыраулық клуб қорғаушы Евгений Болякинмен де келісімшарттың бұзылғанын мәлім етті. 32 жастағы қорғаушы атыраулық команда құрамында 2020-2021 жылдардан бері өнер көрсетіп келген. Осы маусымда ол 27 кездесу өткізіп, 7 (1+6) ұпай еншілеген. Пайдалылық көрсеткіші +2.

Евгений Болякин - бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған Олег Болякиннің ұлы екенін еске сала кетейік.