Сауат Нұрғалиев ФИДЕ шебері атағын алды

Сауат Нұрғалиев ФИДЕ шебері атағын алды
Басқа
Шахматтан үздіктер бас қосқан Испаниядағы Sunway Sitges турнирінде 12 жастағы қазақстандық Сауат Нұрғалиев ФИДЕ шебері атағын алып, халықаралық дәрежедегі алғашқы нормасын орындады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 
53 елдің 326 спортшысы бақ сынаған “А” тобының ашық жарысында отандасымыз жүлдегер атанып, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы блиц сынында күміс медаль иеленді.
Сауат Нұрғалиев - шахматтан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі. Осыдан біраз уақыт бұрын ол 16 жасқа дейінгі жастар арасындағы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері атанғанын еске сала кетейік.