Марокколық ойыншылар сыйақысын елдегі мұқтаждарға таратты

Марокколық ойыншылар сыйақысын елдегі мұқтаждарға таратты
Футбол

Футболдан Марокко ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы өнері мен жеткен тарихи жетістіктері үшін берілген жалпы сомасы 25 млн еуро болған сыйақыны жеке қажеттіліктеріне қолданбау туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Аталған қаржы Мароккодағы ауру балалар мен жағдайы төмен отбасылардың қажетін өтеу үшін жұмсалмақ. Бұл туралы журналист Халид Бейдун өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. 

"Марокко ұлттық құрамасы Әлем чемпионатындағы нәтиже үшін берілген сыйақыны толығымен жағдайы төмен отбасылар мен балаларға беруге шешім қабылдады. Нағыз адамгершілігі мол команда", - деп жазды Халид Бейдун.

Еске салайық, Марокко құрамасы жартылай финалда Франциядан, қола жүлде үшін болған матчта Хорватиядан жеңіліп, әлем чемпионатында төртінші орынға табан тіреген. Бұған дейін Хаким Зиеш өз сыйақысын толығымен қайырымдылыққа жұмсағанын жазғанбыз.