Марокколық ойыншы әлем чемпионатында берген сыйақысын қайырымдылыққа жұмсады
Марокколық жартылай қорғаушы Хаким Зиеш әлем чемпионатынан алған табысын қайырымдылыққа жұмсады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Марокколық журналист Халед Бейдунның хабарлауынша, 29 жастағы футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатынан алған бар табысын, яғни 325 мың долларды өз еліндегі мұқтаж адамдарға таратып берген.
Зиеш 2015 жылдан бері ұлттық құрамадан түскен барлық табысын қайырымдылыққа жұмсап келеді.
2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай қорғаушы Марокко құрамасы үшін алты матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Марокколықтар Катарда өткен турнирде жартылай финалға дейін жетіп, Франциядан жеңіліп қалды (0:2). Үшінші орын үшін матчта Хорватия құрамасынан де жеңілді. Бірақ әлем чемпионаты тарихында африкалық команда үшін ең үздік нәтиже көрсетті.