Луи Ван Гал Португалияның бас бапкері болуы мүмкін

Луи Ван Гал Португалияның бас бапкері болуы мүмкін
Футбол

Футболдан Нидерланд ұлттық құрамасының экс бас бапкері Луи Ван Гал Португалия командасы тізгінін ұстау туралы ұсынысты қарастырып көруге қарсы емес екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Goal.com” басылымына сілтеме жасап.

“Қайтадан зейнеткер атандым. Сондықтан Португалия ұлттық құрамасын басқару туралы ұсыныс түссе, ойланып көруге қарсы емеспін”, - деп келтіреді Луи Ван Галдың сөзін Goal. 

Еске салайық, Нидерланд ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатын ширек финалда Аргентинадан жеңіліп, аяқтаған болатын. Ал Португалия құрама командасы әлем чемпионатындағы жарыс жолын ширек финалда аяқтағаннан кейін, Фернанду Сантуш өз қызметінен кетті.