Қазақстан жасөспірімдер командасының кеңейтілген құрамы жарияланды
Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
4 қаңтарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Біріншілікке дайындық алдындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңі Өскеменде өтеді. Одан соң қыздарымыз жарыс өтетін қала Ыстамбұлға аттанып, дайындықтың келесі кезеңін өткізеді. Турнир 19 қаңтар басталады. Команданың жаттықтырушылар штабы құрамаға шақырту ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Қақпашылар: Раксалана Мамешева, Арина Павловская (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Мария Яковлева («Торпедо», Өскемен);
Қорғаушылар: Зере Жумаш, Анастасия Фомина (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Ева Иншакова, Ульяна Куклина (екеуі де – «Торпедо», Өскемен), Рената Лившиц, Калима Нигматуллина, Виолетта Тимон (барлығы – «Юность Грация», Қарағанды);
Шабуылшылар: Медина Берікова, Аяулым Бралина, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Василиса Шуклина (барлығы – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де – «Юность Грация», Қарағанды), София Зубкова, Томирис Саяхатқызы, Злата Попова, Айдана Рахатқызы (барлығы – «Торпедо», Өскемен).