Инфантино әлем чемпионатына қатысты жаңа ұсыныс айтты

Инфантино әлем чемпионатына қатысты жаңа ұсыныс айтты
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының жеткен жетістігіне таңғалған ФИФА Президенті Джанни Инфантино доп додасын енді әр үш жыл сайын өткізу идеясын ұсынды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Daily Мail" басылымына сілтеме жасап.

ФИФА Президенті әлем біріншілігінің қыста өткізілуі турнирге деген көзқарасты өзгертіп, футболдың жаңа қарқынмен дамуына көмектесетініне сенімді. Сондықтан ол әлем чемпионатын әр үш жыл сайын өткізуді, ал өзге жылдары клбутың әлем біріншіліктерін ұйымдастыруды ұсынды. Маусым ортасында өткізілген әлем чемпионаты жарақат алған ойыншылардың қатарын арттырады деген қорқынышқа қарамастан, Катардағы біріншіліктен түскен табыс жаңа рекорд орнатты. ФИФА 6,2 млрд фунт пайда тапты, бұл осыдан төрт жыл бұрынғы доп додасымен салыстырғанда 840 млн фунтқа көп. Түскен пайда мен футболға ауған назар мен қызығушылыққа қарамастан, Инфантино ұсынған әлем чемпионатын өткізудің жаңа форматын тек 2030 жылдан кейін жүзеге асыруға болады. Өйткені, 2024-2030 жылдар аралығындағы халықаралық футбол күнтізбесінің келсісөздері жүргізіліп қойған.