Мақсат әрдайым біреу әрі жалғыз - Ольга Сафронова
Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған алғашқы халықаралық турнир өтті. Турнир бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы жеңіл атлетиканың 15 түрі кірді. Әйелдер арасында 60 метрге жүгіру сынында үздік шыққан қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Сафронова bassport.kz тілшісіне сұхбат берді.
- Бүгін қысқы маусымдағы алғашқы жарысымды өткіздім. Әрине, әлі біраз еңбекті талап ететін тұстар бар. Десе де, бұл турнирді Азия чемпионатының алдындағы қорытынды дайындықтардың бірі деуге болады.
- Әмин Тұяқов жүлделеріне арналған халықаралық турнир бірінші рет өткізіліп отыр. Турнирге, жарысқа қатысушы елдерге қандай баға бересіз?
- Турнир алғаш рет өткізліп отырғандықтан, биыл қатысушы елдердің қатары аз. Алайда өзге елдің спортшылары көптеп келгенін қалаймын. Әзірге турнирдің деңгейі республикалық дәрежеде. Өйткені, қазақстандық спортшылардың қатары көп. Алдағы уақытта турнир кең танылып, басқа елдердің жеңіл атлеттерімен бәсекеге түсеміз деп ойлаймын.
- Азия чемпионатына қандай мақсат қоясыз?
- Мақсат әрдайым біреу әрі жалғыз – жеңіске жету.
Ольга Сафронова 60 метрді 7,41 секундта жүгіріп өтіп, чемпион атанды. Халықаралық турнирдің күміс жүлдесі қазақстандық Рима Кашафутдиноваға, ал қоласы Арина Мишееваға (Қазақстан) бұйырды.
Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатын 2023 жылдың 10-12 ақпан күндері Астанада өтеді.