Қазақстандық арулар шорт-тректен әлем кубогының жартылай финалына өтті
Қысқы спорт
Шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогының 4-кезеңінде Қазақстан әйелдер және ерлер құрамасы эстафета сынында бақ сынап, қазақстандық арулар жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алина Әжіғалиева, Ольга Тизонова, Мадина Жанбосынова мен Малика Ермек 3000 метр қашықтықты 4 минут 14 секундта жүгіріп, әлем кубогының 1/2 финалында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Ал ерлер эстафетасында (5000 м) Қазақстан намысын қорғаған Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев квартеті ширек финалда жарыспен қош айтысты.