Арам Айрапетян "Атыраудан" кетті

Арам Айрапетян
Футбол

Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін "Атырау" футбол клубының қақпасышы Арам Айрапетян командадан кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Арам Айрапетян "Атырау" футбол клубымен қош айтысты. Клуб Арамға алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді", - деп жазды "Атырау" ФК баспасөз орталығы.

Арам Айрапетян "Атырау" сапын 2021 жылдың қаңтар айында толықтырған болатын, сол шақтан бері ол 42 матчта өнер көрсетті. Сондай-ақ команда капитаны да болды. 

Өткен маусымда атыраулық клуб 29 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 11-орынға табан тіреген.