"Зенит" Нұралы Әліпті "Қайраттан" сатып алды

Футбол

Ресейдің Санкт-Петербург қаласының футбол клубы "Зенит" қазақстандық орталық қорғаушы Нұралы Әліптің құқықтарын "Қайраттан" толық сатып алды. Нұралы Әліптің ресейлік клубпен жасасқан келісімшарты "2,5+1" формуласы бойынша жүреді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

2022 жылдың қаңтар айында Нұралы Әліп "Зенитке" шақырту алған. 16 ақпан күні ойыншы 2022 жылдың соңына дейін ойыншыны толық сатып алу құқығын беретін келісімшартқа қол қойды. Қазақстандық спортшы "Зенит" сапында 20 ойын өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Ол биыл Ресей чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды. 

Ал футболдан Қазақстан құрамасы сапында Нұралы Әліп 22 матч өткізді.

17 кездесуде 42 ұпай еншілеген "Зенит" футболдан Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде көш басында тұрғанын еске сала кетейік.