"Барыс" шабуылшысы Қазақстан-Венгрия матчының үздік ойыншысы атанды

Хоккей

Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының (ІА) екінші ойынын Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матч нәтижесінде Қазақстан құрамасы сапынан команда капитаны, "Барыс" ХК шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бір гол соғып, команданы есепте алға шығарды - 3:2. Сондай-ақ, Дінмұхамед Қайыржанның нәтижелі соққысы команданың жеңіс шайбасы болды. Одан бөлек, Дінмұхамед Сапарбек пен Даниил Цыбин өз есептеріне бір голдан жазды. 

Енді Қазақстан құрамасы 15 желтоқсан күні Данияға қарсы кездесу өткізеді.