Қазақстандық пара хоккейшілер күміс медальге қол жеткізді

Қазақстандық пара хоккейшілер күміс медальге қол жеткізді
Хоккей

Пара хоккейден Таиланд астанасы Бангкокте жалауын желбіреткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 6-11 желтоқсан аралығында өткен бәсекеде тұңғыш рет бақ сынаған Қазақстан құрамасы күміс медальге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Следж хоккейден ұлттық құрама команда жарыстағы соңғы ойынын турнир бойы көш бастап келген Ұлыбританияға қарсы өткізіп, 0:6 есебімен жеңіліс тапты. Сөйтіп, қазақстандық пара хоккейшілер алтынға қол созым жерде жарыс жолын аяқтады. 

Бұған дейін қазақстандық пара хоккейшілер Таиландты 7:0, Францияны 10:0, ал Францияны 9:2 есебімен жеңген еді.