"Барыс" ойыншысы Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды

Хоккей

11-18 желтоқсан күндері Норвегияның Аскер қаласында жастар арасындағы І дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді. Элиталық дивизионға жолдама алу үшін бақ сынайтын 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының капитаны мен ассистенттері тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлем чемпионатындағы Қазақстан ұлттық командасының капитаны болып “Барыс” хоккей клубының шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан тағайындалды. Ал жаһан біріншілігінде ”Снежные Барсы” командасының ойыншылары Дінмұхамед Сапарбек пен Алмаз Мұқанов капитан көмекшілері болады.

Қазақстан алғашқы ойынын ертең, 11 желтоқсан күні Франция құрамасына қарсы өткізеді.