Қазақстан құрамасы Showdown спортынан Азия чемпионатында қола алды
Showdown федерациясы
Оңтүстік Корея Республикасында өткен Showdown спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы III орынды иеленіп, ел қоржынына қола жүлде салды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Азия чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тартысты бәсекеге толы болды. Қазақстандық спортшылар жарыс барысында өздерінің шеберлігін, табандылығы мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, халықаралық аренада лайықты өнер көрсетті.
Бұл нәтиже елімізде Showdown спортының дамып келе жатқанын және қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айғақтайды. Сонымен қатар аталмыш жетістік спортшылардың жүйелі дайындығы мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегінің жемісін көрсетті.
Қазақстан құрамасын Азия чемпионатындағы қола жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!
Showdown федерациясының Бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.