Қазақстандық паратаеквондышылар қола жүлде еншіледі

Қазақстандық паратаеквондышылар қола жүлде еншіледі
Басқа

8-9 желтоқсан күндері Сауд Арабиясы астанасы Эр-Рияд қаласында паратаеквондодан финалдық Grand Prix G10 турнирі өтіп, қазақстандық екі спортшы қола жүлде иеленді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлемнің 25 елінің 75 спортшысы бақ сынаған байрақты бәсекеде ел намысын үш спортшы қорғап, оның екеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Домбаев қола еншілесе, 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Нышан Өмірәлі үздік үштікті түйіндеді.