Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетаның жартылай финалына шықпады

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетаның жартылай финалына шықпады
Қысқы спорт

Алматыда шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафетасы өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үшінші жарысқа Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова) қатысып, 3:02,804 нәтижесімен соңғы, төртінші орын алды.

Мәреге 1-ші болып Голландия құрамасы (2:40,712) жетті, 2-орында Бельгия құрамасы (2:41,647). Екі команда да жартылай финалға шықты. 3-орында Германия құрамасы (2:49,059).