Қайта жаңғырған "Елімай"
Семейлік "Елімай" футбол клубы қайта жанданып, жаңа маусымға дайындық үшін команданы жасақтауды бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Abai FM" Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Команданы жасақтау мақсатында "Елімай" клубы ашық іріктеу жариялады. Оқу-жаттығу жиындары 12 желтоқсан күні Семейдегі "Спартак" стадионында басталады. Бір қызығы, оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін бір тәулікте 150 адам тіркеуден өткен. Жас шектеуі - 22 жас. Команданың іріктеу кезеңіне қатысуға тіркелудің аяқталуына 4 күн бар. Ал клібқа іріктеу 16 желтоқсанға дейін жалғасады, одан кейін ойыншылармен келісмшарт жасасу процесі басталады. Ал қазіргі таңда бапкерлер құрамын жасақтау үшін іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оыслайша, Қазақстанның үш дүркін чемпионы араға алты жыл салып қайта жаңғырып, жандануға дайындалып жатыр.