Пеле Бразиялияның ширек финалға өтуіне қатысты пікір білдірді
Атақты бразилиялық футболшы Пеле Бразилияның Оңтүстік Кореяны (4:1) жеңіп, ширек финалға жолдама алуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Олар маған бақыт пен жеңілдік сезімін сыйлады. Жеңістерімен күнімді бақытқа толы етті", - деп келтіреді Пеленің сөзін Globo Sporte басылымы.
Пеле 29 қараша күні денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған. Кейін футболшының ем-дом шараларына ешқандай әсер көрсетпей жатқаны туралы ақпарат тараған. Алайда бірнеше күннен кейін Пеле денсаулығы жақсы екенін айтып, жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады. Қазір дәрігерлер спортшының денсаулығы бірқалыпты екенін айтады.
Бразилия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия командасымен өзара мықтыны 9 желтоқсан күні анықтайтынын еске сала кетейік.