Ел қоржынына ескек есуден тағы екі медаль түсті
Басқа
Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында ескек есуден Азия чемпионатының қорытынды жарыс күні өтіп, спортшыларымыз ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жасөспірімдер арасында (JM2-) арасында ел намысын қорғаған Тимур Фомичев-Ярослав Мельников жұбы мәреге бірінші келіп, алтыннан алқа тағынды. JM4-тобында өнер көрсеткен Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногва, Анжела Полянина, Мелани Жакупова төрттігі үздік үштікті түйіндеп, қолаға қол жеткізді.
Ересектер арасындағы (LW1x) сында Мария Чернецке 5-орынға қанағат қылса, қазақстандық жас өрен Артем Матусевич (JM1x) қоладан бір қадам жерде қалды.
Сөйтіп, Таиландта өткен Азия біріншілігінен ел қоржынына 4 медаль түсті.