F тобынан плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар анықталды

F тобынан плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар анықталды
Футбол

2022 жылғы футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде F тобының командалары 3-тур ойындарын өткізді. Топтық кезең нәтижесінде Марокко мен Хорватия құрамалары әлем біріншілігінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Хорватия мен Бельгия құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Осылайша, 5 ұпаймен топтан екінші орын алған Хорватия құрамасы әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды. Ал "қызыл сойқандар" болса, 24 жылда тұңғыш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтпей қалды. 

Канада мен Марокко құрамалары арасындағы матчта африкалық команда 1:2 есебімен басым түсіп, топтан бірінші орынмен доп додасының 1/8 финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Марокко құрамынан Зиеш (4') пен Эн-Несири (23') нәтижелі осққымен көзге түсті. Ал әлем чемпионатында бірде-бір ұпай еншілей алмаған Канада құрамасының жалғыз голын ойынның 40-минутында Агер соқты. 

Сөйтіп, F квартетінен Марокко мен Хорватия құрамаларының келеіс кезеңде бақ сынайтыны анықталды.