Қазақстандық пара жүзуші Каирде күміс жүлде иеленді

Қазақстандық пара жүзуші Каирде күміс жүлде иеленді
Басқа

Қазақстандық пара жүзуші Роман Агалаков Каирде (Мысыр) өткен халықаралық ашық турнирде баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзу сынында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Роман Агалаков 100 метрді 1 минут 2 секундта жүзіп өтіп, тек жапониялық спортшыға жол берді. Жарыстың қола жүлдесі өзбекстандық спортшыға бұйырды. 
22-30 қараша күндері Мысырдың Каир қаласында пара жүзуден халықаралық ашық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, Жапония, Ирак, Өзбекстан, Марокко, Үндістан елдері мен Мысырдың 35 спорт клубы қатысты.