"-3". Хоккейден Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Хоккей

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2022 жылды қорытындылап, әлем құрамаларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы үш сатыға төмендеп, 16-орынға тұрақтаған. Ұлттық құрама еншісінде 2885 ұпай бар. Биыл Франция, Беларусь, Австрия елдері Қазақстан құрамасының алдын орап кеткен. 

Ал әлем құрамаларының көшін Финляндия құрамасы (4130) бастап тұр. Екінші орында Канада (3990), үздік үштікті қорытындылап тұрған ел - Ресей құрамасы (3935). 

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы болса, рейтингте 21-орында тұр.