Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 турнирінде 54 медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 турнирінде 54 медаль жеңіп алды
Басқа

Бүгін Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындары аяқталды. Қазақстандық пара спортшылар халықаралық жарыстан 54 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық 27 спортшы спорттың үш - пара жеңіл атлетика, пара жүзу және пара пауэрлифтинг түрінен бақ сынады. Дүниежүзілік ойындарда ел намысын қорғаған спортшылар жалпы 54 жүлде еншіледі, оның 14-і алтын, 20-сы күміс мен тағы 20-сы қола медаль. 

Дүниежүзілік ойындар екі жылда бір өткізіледі және қазір IWAS ұйымына 73  мемлекет мүше.