Үстел теннисінен қазақстандық спортшының клубы Австрия кубогының 1/2 финалына өтті

Үстел теннисінен қазақстандық спортшының клубы Австрия кубогының 1/2 финалына өтті
Басқа

Үстел теннисінен Австрия кубогының ширек финалында қазақстандық Айдос Кенжеғұлов өнер көрсететін "Badener AS" командасы ел біріншілігінің үздік командасы "SPG Felbermayr" командасын жеңіп, 1/2 финалға жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Badener AS" командасының намысын қорғаған Айдос Кенжеғұлов, Эрик Глод, Арья Амири, Патрик Юхас қарсыластарын 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Патрик Юхас (Баден) - Мацей Колодзейчик (Вельс) - 3:1

Арья Амири (Баден) - Иржи Мартинко (Вельс) - 0:3

Айдос Кенжеғұлов (Баден) - Томас Циллер (Вельс) - 3:0

Патрик Юхас (Баден) - Иржи Мартинко (Вельс) - 0:3

Арья Амири (Баден) - Мацей Колодзейчик - 3.2

Австрия кубогының жартылай финалдық және финалдық кездесулері 2023 жылдың 7-8 қаңтар күндері өтеді.